Балабақша туралы мәлімет
Біздің балабақша 2019 жылдың 1 қарашада ашылды. Қазіргі таңда бізде 2 жастан 6 жасқа дейінгі жас санатына байланысты бөлінген 3 топ : орта топ, ересек топ, мектепалды топтары бар. Педагогтер саны -5, . Оқыту қазақ тілінде үйренуге бағытталған. Балабақша ішінде 3 топ бөлмелері , жайлы 3 жатын бөлме , бөлек асхана , медбике кабинеті бар.
Балабақша ғимараты балалардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне бағытталған заманауи жоспар бойынша жабдықталған.
Әр топтың өзіндік кең әрі жарық ойын бөлмелері бар. Мұнда балалардың жас ерекшелігіне сай дамытушы ойыншықтар, оқу құралдары және шығармашылық аймақтар ұйымдастырылған.
Балалардың күндізгі демалысы үшін топ бөлмелерінен бөлек, тыныш әрі жайлы жатын бөлмелері қарастырылған. Бұл балалардың ұйқы режимін дұрыс сақтауға және жүйке жүйесінің демалуына септігін тигізеді.
Балабақшада арнайы жабдықталған медбике бөлмесі жұмыс істейді.
Балабақша ғимараты барлық санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі нормаларына сай жабдықталған.
Ғимарат ішінде және сыртында 13 камера бейнебақылау орнатылған, 24 /7.
Біздің ұжымда әр балаға сүйіспеншілікпен және ынтамен көңіл бөле отырып, өз ісінің кәсібі мамандары жұмыс жасайды.
Балабақша атауы | «Әсемгүл» бөбекжай- балбақшасы Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Бин | 190140024621 |
Индекс | 080100 |
Ғимаратты салған жылы | 2018 |
Ғимаратты салып біткен жылы | 2018 |
Балабақша меңгерушісі | Алибекова Гулжамал Секеновна |
Негізгі ауданы | 97,2 |
Жоба қуаттылығы | 75 |
Бала саны | 75 |
Топ саны | 3 |
Мед кабинет | 1 |
Асхана | 1 |